Вьетнамдағы Қазақстан мәдениеті күндері аясында Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Вьетнам Социалистік Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Фам Тхи Тхань Чамен кездесті. Кездесу барысында екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытудың перспективалы бағыттары талқыланды.«Бүгінде елдеріміз арасындағы қарым-қатынас жаңа кезеңге қадам басты. Өткен жылы Қазақстан мен Вьетнам арасындағы байланыстар стратегиялық әріптестік деңгейіне көтерілді. Бұл саяси және экономикалық ынтымақтастықпен қатар, мәдени-гуманитарлық ықпалдаст...